Toyota Сервис Менеджмент

TOYOTA ФИНАНС

 

Құрметті клиенттер!


Toyota компаниясы дилерлік орталыққа келудің Сіз үшін өте ыңғайлы болуы үшін, ал көрсетілетін қызмет түрлерінің аса сапалы болуы үшін бар күшін салады.


Ол үшін біз қызмет көрсету сапасы мен клиенттің көңілінен шығу мүмкіндігін арттыруға, сонымен қатар Toyota дилерінің жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Toyota Компаниясының стандарттарын дилердің бизнес-процесіне енгізе отырып, сатылымнан кейінгі қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жұмыс істейміз.

Осы мақсатта 2013 жылдан бастап Қазақстандағы Toyota дилерлік орталығында барлық процесстерді Toyota-ның әлемдік стандарттарына сай құрудың негізі болып табылатын Toyota Сервис Менеджмент (TSM) бағдарламасы іске қосылды.

TSM бағдарламасы Toyota Өндірістік Жүйесінің (TPS) негізгі қағидалары мен стандарттарына негізделеді.


TSM-нің негізгі қағидалары:

қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде өндірістік шығынды (Muda) азайту;
өндірістік қуатты біркелкі үлестіру (Heijunka);
өндірістік процессте пайда болуы мүмкін мәселелерді анықтап, оларды жою бойынша шараларды қолдану (Jidoka);
үздіксіз жетілу.


Клиент үшін артықшылықтар:

клиентке бағдарланған қызмет;
сапалы жөндеу жұмыстары;
жөндеу жұмыстарының уақытын оңтайландыру;
қосалқы бөлшектерді жеткізу мерзімін оңтайландыру;
клиентпен қарым-қатынастағы ашықтық.

 

; ;