ToyotaCare

Picture2_logo_kz_v4

 Қызмет көрсету Camry жаңа буынымен бIрге 

Toyota жаңа автокөлігіне бес жыл ішінде бес техникалық қызмет көрсетуге арналған сервистік жоспар ұсынады.

ToyotaCare Kazakhstan

Что такое сервисный план ToyotaCare?

Жаңа буынының Camry автокөлігінің (2024 жылғы
1 маусымнан бастап шығарылған) Toyota ресми сервис орталықтарындағы алғашқы бес ТҚК (техникалық қызмет көрсетудің) шығыстарын өтейтін сервистік жоспары бар.

Сервистік жоспар көлік иесіне Toyota ресми дилерлік орталығында дайындаушы зауыт регламенттеген техникалық қызмет көрсетуден тегін өтуге мүмкіндік береді. Төмендегі сілтеме бойынша ToyotaCare бағдарламасының шарттарымен толығырақ танысыңыз.

Сервистік жоспардың шарттары (Opens in new window)

ТҚК регламенті
ToyotaCare Kazakhstan

ToyotaCare бағдарламасына қандай автокөліктерді қосуға болады?

Ресми дилерлік орталықтарда сатып алынған Camry автокөлігінің жаңа буыны (2024 жылғы 1 маусымнан бастап шығарылған) автоматты түрде ToyotaCare бағдарламасына қосылған.

ToyotaCare артықшылықтары

  • ToyotaCare Kazakhstan

    Жайлылық

    Camry автокөлігінің жаңа буынын (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шығарылған) ресми дилерден сатып алған жағдайда:

    • Сіз 5 жыл бойы қосалқы бөлшектер мен қызметтердің бағаларының өсуіне қарамастан ТҚК ақысын төлеу қажеттілігінен арыласыз.
    • Оған қосымша ТҚК ресми дилерлік орталықта жүйелі түрде өту автокөлігіңіздің жұмысқа қабілеттілігін, қауіпсіздігі мен сенімділігін сақтап отыруға мүмкіндік береді.
  • ToyotaCare Kazakhstan

    Сервистің жоғары деңгейі

    Сіздің автокөлігіңізге Toyota білікті техникалық мамандары тарапынан, сондай-ақ мамандандырылған жабдықпен, тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер қолданыла отырып қызмет көрсетіледі.

    Автокөлікке қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар Toyota жоғары стандарттарына толық сәйкестікте өткізіледі.

  • ToyotaCare Kazakhstan

    Жоғары қалдық құн

    ТҚК ресми дилерде жүйелі түрде өтіп отыру әрмен қарай сату кезінде автокөліктің қалдық құнын айтарлықтай жоғарылатады. 

    Оған қосымша сервистік жоспар автокөлікпен байланыстырылған, бұл қалған ТҚК жаңа көлік иесінің пайдаланатынын білдіреді. 

  • ToyotaCare Kazakhstan

    Ыңғайлылық

    Автокөлік иесі ТҚК Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген Toyota ресми дилерлік орталығынан өтуге құқылы.

  • Техникалық қызмет көрсету келесілерді қамтиды:

    Қосалқы бөлшектер мен арнайы сұйықтықтарды ауыстыру жұмыстарын орындау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес автокөлік агрегаттарын тексеру.

    Сервистік жоспар жаңа буындағы Camry моделінің жаңа автокөліктерінің (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шыққан) бәріне қолданылады және Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының Toyota ресми дилерлік орталықтары арқылы ұсынылады.
  • Picture13-1
  • ToyotaCare Kazakhstan

    Toyota техникалық шеберлері өндіруші зауыттың ұсынған техникалық қызмет көрсетуін тегін негізде өткізу отырып, Сіздің автокөлігіңіздің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 
  • ToyotaCare Kazakhstan

    Техникалық қызмет көрсету:

    • Мотор майын, май сүзгісін (премиум сыныпты) ауыстыру
    • Ауа сүзгісін (премиум сыныпты) ауыстыру
    • Салон сүзгісін (премиум сыныпты) ауыстыру
    • Шиналардың күйін және шиналардағы қысымды тексеру
    • Аспа (жүріс бөлігінің) диагностикасы
    • АКБ (аккумулятор батареясын) тексеру
    • Тежегіш қыспақтары мен дискілерін тексеру 
Премиум - қосалқы бөлшектер максималды өнімділік пен сенімділікті қамтамасыз ететін сапалы компоненттер. Бұл бөлшектер сапа мен қауіпсіздіктің қатаң нормаларын сақтауға мүмкіндік беретін заманауи технологияны қолдана отырып, алдыңғы қатарлы материалдардан жасалады.

Техникалық қызмет көрсету регламенті

Өзіңізге қажетті модель мен қозғалтқыш көлемін таңдаңыз. ТҚК бағасын көру үшін қалған ақпаратты көрсетіңіз.

ToyotaCare Kazakhstan

Толық ақпарат алу үшін дәл қазір дилерлік орталыққа хабарласыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа автокөліктер Toyota Care сервистік жоспарымен қамтылған, оның ішіне 5 техникалық қызмет көрсету (ТҚК) кіреді. Toyota регламентіне сәйкес әрбір автокөлік 10 000 км. жол жүрген сайын немесе 12 ай сайын регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өтіп отыруы тиіс. Қызмет көрсету қайсысының ертерек орын алуына байланысты көрсетіледі.

Егер Сіз Camry автокөлігінің жаңа буынының (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шығарылған) иесі болсаңыз, Сіздің автокөлігіңіз 5 жылдың ішінде бес регламенттік техникалық қызмет көрсетуден тегін өте алады. 

Жоқ, тек регламенттік техникалық қызмет көрсетуге енгізілген компоненттер ғана тегін ауыстырылады.

Жоқ, сервистік жоспар тек ресми дилерлік орталықтан сатып алынған Camry автокөліктерінің жаңа буынына (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шығарылған) ғана қолжетімді.

Сервистік жоспар регламенттік техникалық қызмет көрсетуді қамтиды, оған май сүзгісін, ауа сүзгісін, салон сүзгісін, мотор майын ауыстыру, сондай-ақ автокөліктің техникалық күйі мен агрегаттарының ақаусыздығын кешенді тексеру кіреді.

Автокөлік иесі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында техникалық қызмет көрсетуден өтуге құқылы.

Сіз бұл ақпаратты ресми Toyota веб-сайтындағы ToyotaCare парақшасында өзіңіздің көлігіңіздің VIN кодын тиісті алаңға енгізу арқылы немесе ресми дилерлік орталыққа хабарласу арқылы тексере аласыз.

Иә, сервистік жоспар 5 жыл ішінде әрекет етеді.

Жоқ, сервистік жоспар автокөліктің VIN кодымен қатаң түрде бекітілген.

Әрине, иә. Сервистік жоспар заңды тұлғаларға да қолданылады. 

Toyota автокөлігін сатып алғаннан кейін Сізге ешқандай әрекет жасау қажет емес. Сіз қай жағдай ертерек орын алуына байланысты: жылына бір рет немесе 10 000 км сайын өз автокөлігіңізді регламенттік техникалық қызмет көрсетуге алып келесіз, Сізге тек қызмет көрсету жөніндегі кеңесшіге Сіздің автокөлігіңізге Toyota Care сервистік жоспары бекітілгенін хабарлау ғана қажет.

Жоқ, Toyota Care бағдарламасы бойынша техникалық қызмет көрсетусіз қосалқы бөлшектерді алып кетуге рұқсат етілмейді. Бұл бағдарламаның бөлшектерді ауыстыру және регламент бойынша жұмыстарды орындауды қоса алғанда автокөлікке толыққанды қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналуымен байланысты. Сондықтан барлық қосалқы бөлшектер тек тиісті қызмет көрсету аясында ғана ұсынылады.

Toyota Care сервистік жоспарына сәйкес, техникалық қызмет көрсету кезінде мерзімді ауыстыруға жататын шығын материалдары: май, май сүзгісі, ауа сүзгісі, салон сүзгісі, майды құйып алу тығынының төсемі ауыстырылады. Бұл қосалқы бөлшектерге кепілдік берілмейді.

Toyota Care аясында техникалық қызмет көрсетудің орнына қаражаттарды қайтару мүмкін емес, өйткені Toyota Care бағдарламасы техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. Бұл қызметтер сіздің көлігіңіздің тиісті күйде болуын және оның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан ақшаны қайтару қарастырылмаған.

Иә, алғашқы үш ТҚК тәуелсіз автосервисте өткізілген болса да, қалған екі техникалық қызмет көрсетуді ресми дилерлік орталығында пайдалануыңызға болады. Сервистік жоспардағы қалған техникалық қызмет көрсетулердің саны сіздің дилерлік орталыққа Toyota Care бағдарламасы бойынша техникалық қызмет көрсету қызметін алу құқығыңызға әсер етпейді(5 жыл ішінде).

Иә, сіз Toyota Care бағдарламасы бойынша бес жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді қамтитын сервистік жоспарды пайдалануға құқылысыз. Бұл қызметтер автокөлікке 5 жыл толғанша әрекет етеді(сатып алынған күнінен бастап).
; ;